Тоқаев Мәскеуге барады – Жеңіс күніне арналған салтанатқа қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың мәліметінше, бұл сапар жұмыс сапары ретінде өтеді. Тоқаев аталған шаралар аясында Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс шеруіне бірнеше рет қатысқан болатын. Биылғы сапар да екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…