Categories Саясат

Гүлнара Бажкенова ісі: Аида Балаева сот процесіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы әрі тең құрылтайшысы Гүлнара Бажкеноваға қатысты алдағы сот процесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында өткен брифингте «Время» басылымының сауалына жауап берген Аида Балаева, бұл істі өзі де алаңдаушылықпен күтіп отырғанын айтты.

Шынын айтсам, ақпарат саласында Гүлнараның жетіспейтіні сезіледі, деді вице-премьер.

Министрдің пікірінше, Гүлнара Бажкенова өз ісінің маманы, әрі мықты журналист.

Гүлнара кәсіби маман. Ол шынымен де өте қызықты сараптамалық материалдар мен тартымды эфирлер жасай біледі. Ең бастысы, оның эфирлеріне тек хайп пен жағымсыз пікір арқылы өзіне назар аудартатын, билікті орынсыз сынайтын адамдарды шақырмайтынын ерекше атап өткім келеді, деді Аида Балаева.

Сонымен қатар министр құқықтық мемлекетте түпкілікті шешімді тек сот қабылдайтынын атап өтті.

Әрине, мен де алаңдаймын және барлық журналистер сияқты сот процесін жіті қадағалаймын. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Кімге қалай қарасақ та, заң бәріне бірдей, деді ол.

Гүлнара Бажкеноваға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны 2025 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Сол кезде сот журналисті үйқамаққа алған. Тергеу мәліметінше, ол жалған ақпарат таратты, аса ірі көлемде табыс табу мақсатында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген. Ал Бажкенова өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Айта кетейік, аталған іс бойынша сот процесі 2 шілдеге белгіленген.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…