Бұрынғы министр мектеп пен балабақша басшыларын туыстықпен тағайындау бар екенін мойындады

Оқу-ағарту министрі мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін туыстық байланыс арқылы тағайындау, сондай-ақ олардың өз туыстарын жұмысқа қабылдау фактілері кездесетінін мойындады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес:

14-бап 1-тармақ: жақын туыстардың тікелей бағыныштылықта бірге жұмыс істеуіне тыйым салынады;

14-бап 2-тармақ: мұндай жағдай анықталған кезде үш ай ішінде бұзушылық жойылуы тиіс (ауыстыру немесе жұмыстан босату);

15-бап: мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу;

26-бап: сыбайлас жемқорлық бұзушылықпен қабылданған актілер жарамсыз деп танылады.

Сондай-ақ, БҒМ-нің 2012 жылғы №57 бұйрығына сәйкес, директорлар мен педагогтарды тағайындау конкурс арқылы және бекітілген рәсіммен жүзеге асырылуы керек.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.