Оралда бизнесмендерден 500 млн теңге бопсалаған топ ұсталды

Оралда кәсіпкерлерден 500 миллион теңге бопсалаған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Олар заңсыз жолмен байып, бизнестің мүлкін тартып алу схемасын құрған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл топ өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, ақша бопсалаған. Арнайы операция барысында бірнеше адам ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Біз кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін осындай схемалардың жолын кесіп жатырмыз. Заңсыз баюдың кез келген түріне төзбейміз», — деді ІІМ өкілі.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…