Categories Жайық news

Иран соққысынан кейін Катар 20 млрд доллар жоғалтты: Әлемді газ тапшылығы күтіп тұр ма?

Иранның шабуылы салдарынан Катар сұйытылған табиғи газ (СТГ) экспорттау қуатының 17%-нан айырылды. Бұл жағдай компанияға жыл сайын шамамен 20 миллиард доллар шығын әкеліп, Еуропа мен Азияға газ жеткізуді қатерге тігіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы QatarEnergy мемлекеттік мұнай-газ компаниясының бас директоры әрі энергетика жөніндегі мемлекеттік министр Саад әл-Кааби Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, зақымданған нысандарды жөндеу жұмыстарына үш жылдан бес жылға дейін уақыт кетеді. Осы кезеңде жылына 12,8 миллион тонна СТГ өндірісі тоқтайды.

Бұдан бөлек, Катардан экспортталатын конденсат көлемі шамамен 24%-ға, сұйытылған мұнай газы (СМГ) 13%-ға азаяды. Сонымен қатар гелий өндірісі – 14%-ға, ал нафта мен күкірт – 6%-ға қысқарады. Бұл шығындардың салдары әлемдік нарықта айқын сезіледі: мысалы, Үндістандағы мейрамханалар сұйытылған газды пайдаланса, Оңтүстік Кореяның микрочип өндірушілері гелийге тәуелді.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Джон Кемп бұл жағдай әлемдік газ тапшылығына әкеп соғатынын болжайды.

«Қысқа және орта мерзімді перспективада катарлық газдың орнын басатын балама жоқ», – дейді ол.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды. 2025 жылы 52 аула абаттандырылып,…

Обсуждены вопросы инвестирования в сферу науки 

В ЗКАТУ имени Жангир хана состоялся научно-технологический семинар «Технологии. Инвестиции. Партнерство: новые точки роста экономики»…