Categories Жайық news

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Талғар ауданында жас жігіт кісі қолынан қаза тапты. Марқұмның жақындарының айтуынша, 30 жастағы Ернар Тұрғанбек сол күні әйелімен базарға бармақ болып, жолға шығар алдында досымен бірге дүкенге кірген. Дәл осы сәтте қайғылы жағдай орын алған.

Жәбірленуші жақындарының мәліметінше, дүкеннен шыққан ер адамды жолда бөгде үш адам тоқтатқан. Олардың бірі мылтық алып, марқұмды тура жүрек тұсынан екі рет атып жіберген. Жараланған жігіт оқиға орнында қаза тапқан.

Қанды оқиғадан кейін күдікті екі сыбайласын ертіп, марқұмның үйіне баса-көктеп кірген. Ол марқұмның анасын және әйелін қорқытып, пышақ тақап, қару кезенген. Кейін кішкентай қызды алып, тауға қашқан.

Полиция дереу іздеуге кірісіп, дрон арқылы күдіктінің жүрген жерін анықтады. Қашып бара жатып, күдікті бүлдіршінмен бірге көлікпен жардан құлаған. Дегенмен, ағашқа тіреліп, екеуі аман қалған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні қолға түсірді. Оның екі сыбайласы да қамауға алынды. Ал бүлдіршін жарақат алып, тілінен айырылған. Қазір оған ота жасалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…