Categories Жайық news

Жұртты таңғалдырды: Компания қызметкерлері дауыс беруге 12 техникамен сап түзеп келді

Бәйтерек ауданында өткен референдум ерекше оқиғамен есте қалды: жергілікті компанияның қызметкерлері дауыс беруге 12 бірдей арнайы техникамен сап түзеп келген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

№206 референдум учаскесіне «Everest Logistics Company» компаниясының ұжымы толық құрамда келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Ауыр техника тізбегін көрген жұртшылық еңбек адамдарының бұл әрекетіне оң бағасын беріп, олардың азаматтық ұстанымына тәнті болды.

«Жұмыс кестеміз тығыз болса да, еліміз үшін маңызды тарихи сәттен тыс қала алмадық. Бұл – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Сондықтан ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасауды жөн көрдік», – деді компания қызметкерлері.

Бұл оқиға – жұмысшылардың ел тағдырына бей-жай қарамайтынын және бірлік пен жауапкершіліктің айқын үлгісін көрсетті. Компания өкілдері мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті: «Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да қатаң мәлімдеме жасады. Ол "бүгін түнде тұтас…

Қазақстанда мұғалімдер кедейлене бастады: Жалақы инфляциядан жеңілді

Қазақстанда ұстаздардың жалақысы қағаз жүзінде 322,7 мың теңгеге жеткенімен, инфляцияның кесірінен нақты табыс 4,1%-ға азайған.

Суық қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілді

Бас көлік прокуратурасы суық қарудың, оның ішінде кастеттердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың (ҚР ҚК-нің 287-бабы)…