Categories Ақорда

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

Сурет: Ukimet

2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Ол елдің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктері кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанын атап өтті. Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

«Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 13 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оның 4 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар. Жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ды құрайды»,

— деді Нұрлан Сауранбаев.

Биыл «Қалбатау – Майқапшағай», «Ұзынағаш – Отар» және «Қызылорда – Жезқазған» жобалары аяқталатыны атап өтілді. Орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ұқсас жазбалар

Жасанды интеллект мамандарына арналған алғашқы «Болашақ» стипендиялары тағайындалды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия жарияланды: 1 млн іс және 23 млрд теңге айыппұл

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия жарияланып, 1 млн іс пен 23 млрд теңге айыппұлды қамтиды.

Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесті

Мемлекет басшысы Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесіп, газ өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.