Categories Спорт

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

15 маусым күні УЕФА штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын командалар белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Лабодовскийдің шәкірттері Бельгия, Шотландия және Косовомен бір топқа түсті. Іріктеудің екінші кезеңі 21 қыркүйектен 6 қазанға дейін, сондай-ақ қарашадағы халықаралық ойындар аралығында өтеді.

Үшінші, яғни соңғы іріктеу кезеңіне өту үшін кем дегенде үшінші орын алу қажет. А лигасынан 21 команда және В лигасынан жеті команда жеті топ құрайды. Олардың жеңімпаздары турнир иесі ретінде Чехия құрамасына қосылады. Бұл ойындар 2027 жылдың көктемінде өтеді.

Ұқсас жазбалар

Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

ҰОК Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады.

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3:1…

Конференция лигасында «Астана» мен «Елімай» кіммен ойнайтыны белгілі болды

«Астана» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Ал «Елімай» Арменияның «Алашкерт»…