Жаңа Қорғаныс министрі Тоқаевқа есеп берді: Президент әскерге қатысты бірнеше тапсырма жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, Қарулы Күштердің қазіргі жай-күйі туралы есебін тыңдады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосына бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Дәурен Қосанов Жоғарғы Бас қолбасшыға армияның жауынгерлік әзірлігі мен Қарулы Күштерді дамытудың басым бағыттары туралы баяндады.

Сонымен қатар ол әскерге цифрлық технологияларды енгізу, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және қорғаныс инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министр Президенттің Қарулы Күштердегі тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігіне армияның жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру және әскери саладағы құқықтық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Аптап ыстық: Қазақстанда термометр 40 градусқа көтеріледі

Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда…

Футбол жанкүйерлері Ливия үкімет ғимаратын өртеп жіберді

Ливияда футбол жанкүйерлері төреші шешіміне наразылық білдіріп, үкімет ғимаратын өртеп жіберді.

Тоқаев: Түркия – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

Президент Тоқаев Түркиямен сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын айтып, оны еліміздің ірі серіктестерінің бірі деп…