Categories Спорт

Алғашқы күнді жеңіспен аяқтады

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады! 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында — Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.

Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.

Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.

Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.

Командаларымызға қалған кезеңдерден де сәтті өтіп, жеңіспен оралуды тілейміз.

Алға, Қазақстан!

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Жапонияны ірі есеппен ұтып, екінші жеңісін тойлады

Қазақстан құрамасы футзалдан Жапонияны ірі есеппен жеңіп, турнирдегі екінші жеңісін қамтамасыз етті.

Қазақ триатлоншысы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды: Азия Кубогіндегі жеңіс

Қазақстандық триатлоншы Филиппиндегі Азия Кубогінде жеңіске жетіп, Олимпиада жолдамасын қанжығалады.

Қазақстандық жүзушілер Әлем кубогынан үш медаль алды

Қазақстандық әртістік жүзушілер Әлем кубогында үш медаль жеңіп алды. Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова күміс…