Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

«Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде»: Тоқаев қаңғыбас иттер мәселесін көтерді

Президент «Таза Қазақстан» акциясында қаңғыбас иттердің тұрғындарға төндіретін қаупіне тоқталып, мәселені гуманистік жолмен шешу керектігін…

Қазақстанда креативті индустрия экономиканың жаңа тірегіне айналады

Президент Креативті индустрия қорына барып, саланы экономиканың жаңа бағыты ретінде тану кезеңін бастады.

Тоқаев қаңғыбас иттердің шабуылына қатысты: «Балалар мен ересектер жиі құрбан болып жатыр»

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны өскенін айтып, жедел шара…