Categories Спорт

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубы сапында соңғы ойындарын өткізеді. Ол лондондық «Челсиге» ауысар алдында «Атырау» мен «Қызылжарға» қарсы матчтарға қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» 13 маусым күні сағат 18:00-де, ал «Қызылжармен» 17 маусым күні сағат 19:00-де кездеседі. Клубтың мәліметінше, 17 маусымдағы матчтан кейін Алматыдағы Орталық стадионда Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

«Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады», делінген клуб хабарламасында.

Еске сала кетейік, алдағы маусымда Сәтпаев мансабын лондондық «Челсиде» жалғастырады. Жаңа маусымда «Челсиді» Хаби Алонсо баптайды.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Аргентина Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама…

Аргентина құрамасы Мысырды жеңіп, ширек финалға өтті

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Аргентина Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.