Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің айрығы маусым айының соңына дейін жабылады

Сурет: ашық дереккөз

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы 17-30 маусым аралығында жабылады. Жол жұмыстарына байланысты ішінара шектеулер енгізілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…