Categories Қоғам

«Әділет» партиясы AMANAT партиясына алғыс айтты

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың мүддесіне сай жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатын қолдау деп қабылдаймыз.

Бүгінде алдымызда халықтың игілігі үшін еңбек ету, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ету, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, елдегі оң өзгерістерді қолдау сынды ортақ мақсат тұр.

«Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның даму жолындағы құндылықтарын қолдайтын барша азаматқа ашық. Біз бірге халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету жұмысын жалғастырамыз.

 

Ұқсас жазбалар

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. — 2026 жылдың…

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды. Мұнда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект оқу процесіне енгізілген.

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласын анықтады

«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі. Бірінші матч Алматыда өтеді.