Categories Жайық news

Оралдағы «Депо» көпірі жөнделіп, қайта ашылды  

Бельгер көшесін Әбілқайыр хан даңғылымен жалғайтын «Депо» көпіріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көпір қайта қолданысқа берілді.

Жөндеу аясында көпір үстіндегі 11 деформациялық жігі қалпына келтірілді. Жөндеумен қамтылған учаскенің ұзындығы – 536 метр. Жұмыстарды «Нұртем» ЖШС мердігер ұйымы жүргізді.

26 маусымда басталған жөндеу жұмыстары екі аптаға жоспарланған болатын. Алайда мердігер компания белгіленген мерзімнен бұрын аяқтау үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдырып, жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтады.

Көпір жабынына жол таңбалары сызылып, толықтай жуылып, тұрғындар игілігіне қайта ұсынылды.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фото «Информбиржа» сайтынан

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…