Жұмыс іздесең, Жұбан саябағына кел !!!

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 18 шілде күні, Оралдағы Жұбан Молдағалиев ескерткіші алдында өтеді. Шара кешкі 18-00-де басталады.

Бос орындар жәрмеңкесін Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы  ұйымдастырады.

«JOB START: ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘРМЕҢКЕСІ» аясында жастар бағдарламаның шарттары мен мүмкіндіктері туралы сұрай алады. Олар мамандардан тегін кәсіби кеңес ала алады. Жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші мекеме қатысады деп жоспарлануда.

Бұған дейін, 2025 жылдың 30 мамырында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 60-тан астам жұмыс беруші 702 мамандық бойынша 1700-ге жуық жұмыс орнын ұсынған болатын.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…