Қарақұрт маусымы: Қазақстандағы ең улы өрмекшіден қалай сақтануға болады

Ыстық күндердің басталуымен Қазақстанда қарақұрттар белсенділігі артты. Мамандар табиғат аясында осы қауіпті өрмекшімен кездесу қаупі жоғары екенін ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қарақұрт – еліміздегі ең улы өрмекші. Оның уы жүйке жүйесіне әсер етіп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Әсіресе балалар мен аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті.

«Қарақұрттар ыстықта көбейіп, мекендейтін жерлерін кеңейтеді. Сондықтан далада, бақшада немесе үй маңында сақ болу керек», – дейді мамандар.

Өрмекші шаққанда дереу дәрігерге қаралу қажет. Алдын алу үшін биік шөптерде жалаң аяқ жүрмеу, қолғапсыз жұмыс істемеу ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Қарағанды облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды

Қарағанды облысында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ашылды.

Президент Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Премьер-министрі Марк Карниге ұлттық мерекемен құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады: Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.