Астанада тегін оқып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астана қаласының Мансап орталығы елорда тұрғындарына жаңа мамандықты тегін меңгеріп, кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау жүргізіліп жатыр. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: аспаз, маркетолог, тәрбиеші көмекшісі, флорист-декоратор, шахмат жаттықтырушысы және әкімші. Оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 86 500 теңге көлемінде жалақы төленеді. Оқу мерзімі 2-3 айды құрайды және тікелей жұмыс берушінің базасында өтеді.

Қосымша ақпаратты Астана қаласының Мансап орталығынан алуға болады.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…