Шахтинскіде гараж өртінен жасөспірім қаза тапты: денесі өртенген жерден табылды

19 мамыр күні кешке Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде жеке гаражда өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпып, ондағы заттар мен екі мотоциклді жалмады. Өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жау қатты дүркіреп үлгерген.

Өртті ауыздықтау барысында құтқарушылар гараж ішінен жасөспірімнің денесін тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен зардап шеккен жасөспірімнің жеке басы тексерілуде. Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.