Categories Жайық news

General Motors басшысы: Гибридтер экологияға кәдімгі көліктен көп зиян келтіреді

General Motors (GM) бас директоры Мэри Барраның мәлімдеуінше, гибридті көліктер экологияға іштен жанатын қозғалтқышы (ІЖҚ) бар кәдімгі машиналардан да көп зиян келтіреді екен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл тұжырым GM мамандарының гибридті көліктердің борттық компьютерінен алынған ақпаратты талдау нәтижесінде жасалған. Сараптама барысында гибридті көлік иелерінің басым бөлігі көлігін ешқашан қуаттамайтыны анықталды. Осының салдарынан бензин мен электр қуатын біріктіретін көліктердің барлық экологиялық артықшылығы жоққа шығады.

Өйткені, гибридті модельдерге әдейі қуаты аз қозғалтқыш орнатылады. Себебі, көлік сапардың 84%-ын электр энергиясымен жүреді, ал ІЖҚ тек ұзақ жолда генератор ретінде қосымша рөл атқарады деп есептелген. Алайда зерттеу көрсеткендей, иелерінің тек 27%-ы ғана көлігін қуаттауға қояды. Ал 76%-ы сымдармен әуреленгісі келмей, ұзақ қуаттауға уақыт жоғалтпау үшін ІЖҚ-мен жүргенді жөн көреді.

Гибридті көліктердің салмағы ауыр, оған қоса қуаты аз қозғалтқышқа тартқыш батареяны да қуаттауға тура келеді. Осындай үлкен жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр болғандықтан, отын шығыны кәдімгі көліктермен бірдей деңгейге жетеді, ал экологияға келтіретін зияны одан да арта түседі. Сонымен қатар, гибридті қондырғысы бар модельдер ІЖҚ-мен жүретін қарапайым көліктерден әлдеқайда қымбат тұрады.

«2030 жылға қарай ІЖҚ-мен жүретін көліктер шығарылмайды деп бізді қалай қорқытқаны естеріңізде ме? Айтпақшы, электрмобиль мен экологияны жақтайтындар электр энергиясының негізінен көмірден өндірілетінін біле ме екен?»

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…