Categories Қаржы

Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5%-ға өсті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, құндық мәнде жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 15 млрд долларды құраған. Инфляция 13% деңгейінде қалыптасса, орташа айлық жалақы 442 мың теңге болған. Жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталған.

«Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 15 млрд долларды құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 30%-дан асқан. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш 40%-ға жету.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында…

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады.

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.