Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен заңнамасын жетілдіруге үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі. Президент заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналдыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ол еліміздегі сот тәжірибесі үшін бетбұрыс кезеңі басталғанын, Ата заңға инвестициялық қуатты күшейтуге арналған нормалар қосылғанын, әкімшілік әділет рөлі нығайып келе жатқанын жеткізді. Президент Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша аймақта көш бастап тұрғанын, билік пен бизнес өкілдері мәселелерді бірлесе шешуі керектігін айтты.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…