Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды ,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл лауазым қазан айынан бері бос тұрған еді.

Бұған дейін аталмыш қызметті Абзал Нүкенов атқарған, бірақ ол Алматы қаласы әкімдігіне ауысқан болатын. Айбек Смадияров жаңа қызметінде ішкі саясат бағытындағы маңызды мәселелерді басқаруға, мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіруге және қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізуге жауапты болады.

 

Ұқсас жазбалар

Тоқаев қазақ басылымына сұхбат береді

Ақорданың жазуынша 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы,…

БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде…

Мемлекет басшысы Жаңа жылда қандай бастамалар мен үндеулер жолдады?

Президент Жаңа жылдық жолдауында ұлттық бастамалар мен жастарға арналған үндеулерін жариялады.