20 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: жауын, бұршақ және қатты жел күтіледі

Қазгидромет мамандары 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын мен найзағай ойнап, кей жерлерде тіпті бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік өңірлер мен оңтүстікте жел күшейеді. Дауылдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

«Еліміздің солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жел соғады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Ал Батыс Қазақстан облысында ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады. Мұнда жауын-шашын аз, жел де онша күшті емес.

Температураға келер болсақ, еліміздің оңтүстігінде түнде 10-15 градус жылы, күндіз 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнде 5-10 градус, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…