Categories Көңіл ашар

Рахымбаевтар байлығының жартысын қайырымдылыққа береді: The Giving Pledge антына қосылды

Қазақстандық кәсіпкерлер Айдын мен Анар Рахымбаевтар дүниежүзіне үлгі боларлық қадам жасады. Олар халықаралық The Giving Pledge («Қайырымдылық анты») бастамасына қосылып, өз байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа беруге уәде етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама – әлемнің ең бай адамдарын біріктіретін қозғалыс. Рахымбаевтар отбасы бұл антқа қосылған алғашқы қазақстандықтар болып отыр.

«Біздің мақсатымыз – қоғамға пайдалы іс қалдыру. Байлықтың мәні – оны бөлісе білуде», – деді Айдын Рахымбаев.

Ерлі-зайыптылардың бұл шешімі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Көпшілік олардың ісін мақұлдап, басқа байларды да осындай қайырымдылыққа шақыруда.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталған – Балаева

Аида Балаева Халықаралық музей күнінде еліміздегі 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталатынын мәлімдеді.

17 секундта жеңіп, 1 миллиардтан астам теңге алды: файтердің рекордтық жекпе-жегі

Лос-Анджелесте өткен шоуда файтер 17 секундта жеңіп, 1 миллиард теңгеден астам гонорар алды. Бұл оның…

PGL Astana 2026: 16 мың адам аренада, 500 мың онлайн көрді

PGL Astana 2026 турнирін 16 мың адам аренада, 500 мың адам онлайн көрді. Жартылай финалға…