Астанада 111 адамды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Сурет: ашық дереккөз

Елордада азаматтарды оқуға түсіріп, грант алып беремін деп алдаған күдікті жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, күдіктінің уәделеріне сенген жәбірленушілер оған қомақты ақша берген. Алайда ешқандай қызмет көрсетілмеген, ақшаны қаскөй иемденіп, өз қалауынша жұмсаған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 111 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал шамамен 70 миллион теңгені құрады. Жәбірленушілердің басым бөлігіне келтірілген залал өтелмеген.

Сот сотталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім 12 мамырда заңды күшіне енді. Прокуратура осындай фактілерге тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін еске салады.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…