Categories Қаржы

Астанада 13-14 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 13-14 маусым күндері дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеге еліміздің әр өңірінен фермерлер мен отандық өндірушілер қатысады. Келушілер көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа азық-түлік тауарларын сатып ала алады.

Іс-шара екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Керуен жолы сауда орталығында өтеді. Жәрмеңкеге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда тұрғын үй кезегінің жаңа жүйесі іске қосылды

Қазақстанда жеңілдетілген тұрғын үйді бөлу және кезекке тұру қағидалары өзгерді. Кезектерді тіркеу функциялары жергілікті әкімдіктерден…

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке қанша маман керек және олар қалай даярланады

Қазақстан АЭС-ті толықтай отандық мамандармен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі…

Қытай Қазақстанға 2,8 млрд доллар инвестиция салды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайға жұмыс сапарымен барып, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті. Тараптар…