Categories Әлем

Қазақстан мен Қытай ғылым, білім және инновация саласында жаңа бастамаларды қолға алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы вице-министр Гүлзат Көбенованың басшылығымен Үрімші қаласында өткен Қытай мен Орталық Азияның өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану салаларындағы ынтымақтастық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Конференция аясында вице-министр Қазақстанның жоғары білім, ғылым және инновациялардағы даму тәжірибесімен бөлісіп, Қытаймен ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған негізгі бастамаларды ұсынды. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасына ерекше тоқталды. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен білім беру және ғылыми жобалар арқылы нақты жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ Қазақстанда жетекші Қытай университеттерінің филиалдарын ашу және Лу Бань шеберханалары желісін құру жұмыстары таныстырылды. Вице-министр Үрімші кәсіптік университетіне барып, оның заманауи білім беру және оқу-өндірістік инфрақұрылымымен, инженерлік-техникалық кадрларды даярлау тәжірибесімен танысты. Ерекше назар Үрімші кәсіптік университеті мен Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің Қазақстанда үшінші Лу Бань шеберханасын құру жөніндегі бірлескен жобасына аударылды.

Конференцияға Қазақстанның 10-нан астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай университеттері арасында университетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Ұқсас жазбалар

Францияда аптап ыстықтан өлім-жітім мың жағдайға артты

Францияда аптап ыстық салдарынан өлім-жітім мың жағдайға артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Қазақстан БҰҰ сессиясында зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесін ұсынды

Қазақстан БҰҰ сессиясында әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесін таныстырды.

Қытайға экспорт: Үрімжіде Қазақстанның арнайы іс-шарасы өтті

Қытайдың Үрімжі қаласында «Қытайға экспорт» Қазақстан арнайы іс-шарасы және IX Қытай халықаралық импорт көрмесінің инвестициялық…