Categories Спорт

Назым Қызайбай әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Назым Қызайбай әлем Кубогының финалдық кездесуінде италиялық Сирине Чараабиді жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай финалда әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері италиялық Сирине Чараабиден үш раундта да басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында 48 келі салмақта топ жарған еді.

Жарыс жолында Назым Қызайбай кездескен қарсыластар: жартылай финалда Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд) — 3:2, ширек финалда Виктория Рогалинска (Польша) — 5:0, 1/8 финалда Им Э Джи (Оңтүстік Корея) — 4:1.

Ұқсас жазбалар

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында бельгиялық теннисшіден жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында бельгиялық Элизе Мертенстен жеңілді.

Елена Рыбакина Уимблдонда бельгиялық теннисшіден жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенстен жеңіліп, жарысты мерзімінен…

Азия чемпионатында қазақ балуан қыздары бес медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздары 2 күміс және 3 қола медаль…