Categories Жайық news

Астанада -27°C аяз, Шымкентте +10°C жылы: ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер еліміздің үш ірі қаласында алдағы күндері ауа райының қандай болатынын болжады: Астанада аяз күшейсе, оңтүстік қалаларда жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 12 ақпанда Астанада жауын-шашынсыз, ашық күн болады. Ауа температурасы түнде -24-26°С дейін төмендесе, күндіз -16-18°С аяз сақталады. Келесі екі күнде де елордада күн райы айтарлықтай өзгермейді: 13 ақпанда түнде сынап бағанасы -27°С дейін жетеді, ал 14 ақпанда аяз сәл беті қайтып, күндіз -8-10°С болады деп күтілуде.

Алматы қаласында алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. 12 ақпанда мегаполисте мезгіл-мезгіл қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз 0…+2°С аралығында болады. 13-14 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жалғасып, жолдарда көктайғақ сақталады. Күндізгі температура біртіндеп +5°С дейін көтеріледі.

Еліміздің оңтүстігінде көктем лебі сезіле бастайды. Шымкентте 12 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +3+5°С болады. 13-14 ақпанда жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы біртіндеп жылынып, түнде +2+4°С, ал күндіз +10°С дейін жетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қостанай облысында «вейптердің» ірі партиясын заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

29 маусым күні Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына «вейптердің»…

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.