Categories Жайық news

Тоқаев пен Трамп Давоста не туралы сөйлесті: Ақ үй құжатындағы дерек талқыланды

Давоста өткен форумда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың арасында қысқаша әңгіме болып, онда Мемлекет басшысы АҚШ президентінің назарын Ақ үй таратқан ресми құжаттағы Қазақстанға қатысты дерекке аударды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінен кейін екі елдің басшылары не туралы сөйлескенін білгісі келген еді. Белгілі болғандай, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты құжатқа тоқталған.

Мемлекет басшысы аталған құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы АҚШ әкімшілігінің жетістігі ретінде көрсетілгеніне назар аударды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүргізуде табыс тіледі. Өз кезегінде Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбітшілік кеңесін құру бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…