Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында түнгі сағаттарда жер сілкінісі болды. Магнитудасы 5,2 балдық дүмпуден екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісі 18 мамырға қараған түні болған. Қала тұрғындары дүмпуді қатты сезінген. Қазіргі уақытта құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандардың денелері табылып, оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, бірнеше адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген. Қытай сейсмологтары қосымша дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақ болуға шақырды.

