Categories Жайық news

«Америка, кетіңдер!»: Дания мен Гренландия Трамптың әрекетіне қарсы бас көтерді

Дания мен Гренландияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты жоспарларына наразылық білдіріп, шеруге шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бір ғана Копенгагеннің өзінде қала әкімдігі ғимаратының алдына 20 мыңға жуық демонстрант жиналып, Дания мен Гренландия туларын ұстап шықты.

Жиналғандар «Kalaallit Nunaat!» (Гренландияның жергілікті тілдегі атауы), сондай-ақ «Гренландия гренландиялықтардікі», «Гренландиядан аулақ!» және «Трамп, кет!», «Америка, кетіңдер!» деп ұрандатты.

Копенгагендегі наразылық шеруі АҚШ елшілігіне қарай бағытталса, тағы бір акция Орхус қаласында өтті. Ал Гренландияның өзінде наразылық шарасы Нуук қаласындағы АҚШ консулдығының алдында ұйымдастырылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…