Categories Әлем

Әзербайжан жағалауында Каспий теңізіне мұнай төгілді

Сурет: 1news.az

19 маусым күні Әзербайжанның Дюбенди жағажайы маңында мұнай төгілгені хабарланды. Бұл туралы Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тікұшақпен барлау кезінде Пираллаха аралы мен Дюбенди жағалауы арасындағы су айдынында мұнай дағы анықталған. Диагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша ластану көзі «Азнефть» өндірістік бірлестігіне тиесілі суасты мұнай құбырларының бірі екені анықталды.

Мұнайдың ағып кету орны табылғаннан кейін аталған құбыр арқылы мұнай тасымалдау дереу тоқтатылды. «Азнефть» тарапынан жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды.

Сондай-ақ бірлестіктің сүңгуірлер қызметі жүргізген тексеру нәтижесінде суасты мұнай құбырында механикалық зақымданулар анықталған. Бұл зақымданулар болжам бойынша якорьмен (зәкірмен) жанасу салдарынан пайда болған.

Зақым анықталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Олар аяқталғанға дейін зақымданған құбырды пайдалану тоқтатылды, бұл теңізге мұнайдың одан әрі ағуын болдырмауды көздейді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…