Categories Әлем

Қазақстандықтардың жартысының қан қысымы жоғары: бұл неге қауіпті?

Қазақстанда әрбір екінші ересек адам гипертониямен ауырады. Бұл – инфаркт пен инсультке апаратын ең көп таралған себептердің бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерт көп жағдайда ешқандай белгі бермейді, сондықтан адамдар аурудың барын білмей жүреді.

«Гипертония – «тыныш өлтіруші». Қан қысымын үнемі бақылап отыру керек. Әсіресе, 40 жастан асқандарға бұл міндетті шарт», – дейді кардиологтар.

Мамандар тұзды азайтып, дене белсенділігін арттыруды ұсынады. Сондай-ақ, жылына кемінде бір рет қан қысымын тексертуге кеңес береді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан Орталық Азияда көш бастады: жаһандық бедел индексінде көшбасшы

Қазақстан ұлттық беделдің жаһандық индексінде Орталық Азия елдері арасында үздік атанды. CEOWORLD деректері бойынша, еліміз…

АҚШ-тағы мешітте қанды оқиға: бес адам қаза тапты, күдікті де өлді

АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы ислам орталығында қарулы шабуыл салдарынан бес адам қаза тапты. Күдікті де қаза…

Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды: неге шағымы қабылданбады?

Илон Масктың OpenAI және оның басшысы Сэм Альтманға қарсы сот шағымы қанағаттандырылмады. Бұл — технологиялық…