Categories Спорт

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

Сурет: Sports.kz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы кезекті матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың 5 командалық жұбы белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы болып ширек финал жолдамасын Канада ұлттық футбол құрамасы мен Марокко ұлттық футбол құрамасы сарапқа салады. Кездесу 4 шілдеде Хьюстон қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Канадалықтар алдыңғы кезеңде Оңтүстік Африка ұлттық футбол құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, марокколықтар пенальти сериясында Нидерланд ұлттық футбол құрамасын (негізгі уақыт – 1:1, пенальти – 3:2) жарыс жолынан шығарды.

Келесі матч 5 шілдеге қараған түні Филадельфияда өтеді. Онда Франция командасы мен Парагвай ұлттық футбол құрамасы кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады. Француздар Швеция ұлттық футбол құрамасын 3:0 есебімен жеңсе, парагвайлықтар пенальти сериясында Германия командасын (1:1, пенальти – 4:3) жеңіп, плей-оффтың басты сенсацияларының біріне айналды.

6 шілдеге қараған түні, Қазақстан уақытымен 01:00-де Ист-Ратерфорд қаласында Бразилия ұлттық футбол құрамасы мен Норвегия командасы кездеседі. Бразилия Жапонияны 2:1 есебімен жеңсе, Норвегия өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетіп, Кот-д’Ивуар ұлттық футбол құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Ширек финалдың тағы бір жолдамасын Мексика мен Англия ұлттық футбол құрамалары сарапқа салады. Матч 6 шілдеге қараған түні Ацтека стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады. Мексика Эквадорды 2:0 есебімен жеңсе, Англия Конго Демократиялық Республикасы ұлттық футбол құрамасына қарсы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бесінші жұпты Бельгия ұлттық футбол құрамасы мен АҚШ-тың футболшылары құрады. Кездесу 7 шілдеге қараған түні Сиэтлде өтеді және Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады. Бельгия алдыңғы матчта Сенегалды 3:2 есебімен жеңсе, АҚШ құрамасы Фоларин Балогун алаңнан қуылғанына қарамастан, Босния және Герцеговина ұлттық футбол құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Ұқсас жазбалар

Роналду мен Модрич: Португалия мен Хорватия аңыздары кездеседі

2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні Португалия құрамасы Хорватия командасымен әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде кездеседі.

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.