Орал қаласында «Жеңіс жүгірісі – 2025» марафоны өтті

2025 жылғы 24 мамыр күні Орал қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай дәстүрлі «Жеңіс жүгірісі – 2025» марафоны өтті. Ауқымды спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде марафонның жастарды отансүйгіштікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі маңызын ерекше атап өтті.

Жүгіру қашықтықтары:

• 16 жастан жоғары қатысушылар – 5000 метр

• 15 жас және одан төмен қатысушылар – 2500 метр

Жарыс жеңімпаздары төмендегідей анықталды:

2,5 км (қыздар):

🥇 Батуллина Адема

🥈 Аманғали Айару

🥉 Гагарина Яна

2,5 км (ұлдар):

🥇 Масанғали Бекнұр

🥈 Жеңісов Мұрат

🥉 Жасұланұлы Е.

5 км (қыздар):

🥇 Сәрсенғалиева Айман

🥈 Мәжитова Динара

🥉 Сатыбаева Алмагүл

5 км (ерлер):

🥇 Илья Козловский

🥈 Асабаев Оралхан

🥉 Асылмұратов Рафхат

Мәреге бірінші болып жеткен жеңімпаздарға велосипедтер табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен түрлі спорттық ойындар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.

 

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…