Categories Жайық news

Испания 16-ға толмағандар үшін әлеуметтік желіні жабады: Платформа басшылары жеке жауапқа тартылады

Испанияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына толық тыйым салынады. Премьер-министр Педро Санчес кәмелетке толмағандарды цифрлық ортаның қаупінен қорғауға бағытталған ауқымды реформаны жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа заңға сәйкес, үкімет әлеуметтік медиа платформаларын қолданушының жасын тексеретін қатаң жүйелерді енгізуге міндеттейді. Бұл шара жасөспірімдерді ешкім бақыламайтын «цифрлық әлемнің» теріс ықпалынан сақтау үшін қабылданып отыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі басшылары заңсыз контент пен араздықты қоздыратын материалдардың таралуына жеке жауапкершілік арқалайды. Алгоритмдерді астыртын басқарып, манипуляция жасау қылмыстық іс ретінде қаралады.

«Балалар заң талаптары жиі ескерілмейтін кеңістікте жалғыз қалмауы керек», – деді Педро Санчес. Ол Еуропаның басқа елдерін де осы бастамадан үлгі алуға шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

«Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.