Categories Қаржы

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда бес апта ішінде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында талапкерлер тарапынан 470-тен астам ереже бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тестілеу 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Олардың 668-і ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар. Қазіргі уақытқа дейін шамамен 236 мың тест тапсырылған.

Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 болса, ең жоғары нәтиже 140 балл.

Бес апта ішінде 474 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 298 талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілген. Ал 176 адам тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған, деді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін мамандар бейнежазбаларды талдайды. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережені бұзу фактілері анықталса, тест нәтижелері жойылатындығын айтып отыр министрлік өкілдері.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.