Categories Ақорда

Олжас Бектенов Түрікменстанда ТМД үкімет басшыларымен кездесті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабадқа барып, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста экономикалық ынтымақтастық, сауда-саттықты арттыру және бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мен көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударды.

«Біз ТМД аясындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделіміз. Бүгінгі келісімдер сауда айналымын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді», – деді Олжас Бектенов.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Келесі кеңес 2025 жылы өтеді деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов: «Самрук-Қазына» экономикалық өсу жөніндегі тапсырмаларды шешуге күш салуы керек

Олжас Бектенов «Самрук-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, Президенттің экономикалық өсу жөніндегі тапсырмаларын шешуге күш…

Марат Әзілханов ҚХА төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті.