Қазақстан мен Өзбекстан: жаңа жол картасы экономикалық серпіліс әпере ме?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада екі президенттің қатысуымен маңызды құжатқа қол қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа жол картасын бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл құжат екі ел арасындағы тауар айналымын арттырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, энергетика және логистика салаларына басымдық берілмек.

«Біздің мақсатымыз – өзара сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізу. Жол картасы осы бағыттағы нақты қадамдарды айқындайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзбекстан президенті де бұл бастаманы қолдап, екіжақты байланысты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Жаңа келісім аясында шекара маңындағы сауда орталықтарын ашу және кедендік рәсімдерді жеңілдету жоспарланған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл құжат Орталық Азиядағы экономикалық интеграцияны күшейтеді. Ендігі кезекте – нақты жобаларды іске асыру.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…