Categories Жайық news

Жоғарғы сот үкімді өзгертті: 7 мылтықты жымқырған экс-полицей 5 жылға сотталды

Ұлытау облысында жойылуға тиіс 7 аңшы мылтығын жымқырған бұрынғы полиция инспекторы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, полиция инспекторы қызмет бабын пайдаланып, жойылуы керек болған жеті аңшы мылтығын өзіне алып кеткен. Сонымен қатар оған алаяқтық жасады деген де айып тағылған.

Бастапқыда бірінші сатыдағы сот оны 5 жылға колонияға жіберген. Алайда облыстық сот бұл үкімді өзгертіп, жазаны шартты түрде өтеуге ауыстырған болатын.

Іс кассациялық сатыға жеткенде, жоғарғы сот төменгі инстанцияның шешімін жойды. Олар заңнама бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты жаза тағайындауға тыйым салынғанын еске салды.

Осылайша, Жоғарғы сот алғашқы үкімді күшінде қалдырды. Енді бұрынғы тәртіп сақшысы 5 жылын түзеу мекемесінде өткізеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…