Қырымда Ресейдің Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 29 адам түгелдей мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жоспарлы ұшу кезінде құлаған әуе кемесімен кеше кешке байланыс үзілген. Ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы болған.
Апаттың алдын ала себебі ретінде техникалық ақау аталып отыр. Ведомство ұшаққа сырттан ешқандай зақым келтірілмегенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ұшақ құлаған жерде арнайы комиссия жұмысын бастады.
Фото: Әлеуметтік желіден

