Қазақстанда өтетін референдумды ұйымдастыруға алдын ала есеп бойынша 20,8 миллиард теңге қажет, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл соманы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник жариялады. Оның сөзінше, бұл әлі нақтыланбаған бюджет және оны Үкімет арнайы шешіммен бекітуі тиіс.
«Бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 75%-ы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады», – деп нақтылады ОСК мүшесі.
Бұған дейін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков бұл референдумның құны атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жоспарланған сомадан (15,5 млрд теңге) да қымбатқа түсетінін айтқан болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден

