Categories Көңіл ашар

Үстел теннисіндегі сенсация: Sony-дің AI-роботы кәсіби ойыншыларды жеңіп кетті

Жапонияда үстел теннисінде AI-робот кәсіби ойыншыларды ұтып, спорт әлемін дүр сілкіндірді. Sony компаниясы әзірлеген Ace роботы адамнан жылдам әрі дәл қимылдап, нағыз сенсация жасады.

Бұл робот Sony-дің жасанды интеллект бөлімшесі мен зерттеу тобының бірлескен жобасы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ace роботы күрделі алгоритмдер мен сенсорлардың көмегімен доптың траекториясын болжап, қарсыласының қимылына лезде бейімделеді. Ол кәсіби теннисшілермен бірнеше кездесу өткізіп, басым бөлігінде жеңіске жетті.

Біздің мақсатымыз – адам мен машинаның бірге дамуына жол ашу. Ace – осы бағыттағы алғашқы қадам, – деді Sony өкілі.

Технологияның бұл жетістігі спорттағы болашақ роботтардың рөлі туралы пікірталас тудырды. Кейбір сарапшылар AI-дың адамнан асып түсуі этикалық мәселелер көтеруі мүмкін деп ескертеді.

Алдағы уақытта Sony Ace роботын халықаралық турнирлерде сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…