Categories Жайық news

Венесуэла Мадуроны қорғап, АҚШ-қа жауап берді: елде бір ғана президент бар

Венесуэлада Делси Родригес вице-президент ретінде ресми тіркеліп, қазір уақытша ел басшысы міндетін атқарып отыр. Бұл туралы салтанатты рәсім кезінде Каракаста мәлім болды.

Оның айтуынша, Венесуэла өз егемендігін соңына дейін қорғайды және «ешкімнің отарына айналмайды». Сонымен қатар, Родригес Николас Мадуро мен оның жұбайын босатуды талап етті.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Біздің халқымызға айтқым келеді: елде легитимді билік бар, заңды үкімет жұмыс істеп тұр», — деді ол мәлімдемесінде.

Мадуроны халық қаншалықты қолдап отыр?

Каракастағы саяси мәлімдемеден кейін Венесуэла ішінде де, шетелдегі диаспора арасында да толқулар жалғасуда. Бірі АҚШ-тың әрекетін қолдаса, енді бірі Мадуроны босату талабымен көшеге шыққан.

Үндістанның Калькутта қаласында наразылар Трамптың чучелосын өртеді. Ал Лондонда бір ер адам АҚШ елшілігі алдында «Венесуэладан аулақ болыңдар» деген жазуы бар плакатпен тұрды. Сонымен қатар, мұндай акциялар Рим мен Нью-Йоркте де өтті.

АҚШ-қа қарсы митингтер қай мемлекеттерде өтті?

Мадрид пен Сантьягодағы венесуэльдіктер болса, «Мадуро режимінің құлауын» атап өтуде. Алайда америкалық операцияға қарсы наразылар да аз емес.

Айта кетейік, Нью-Йорктің мэрі Зохран Мамдани Вашингтонның әрекетін сынға алып, елдің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

Әлем елдері арасында Венесуэладағы ахуалға қатысты пікір екіге жарылған.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…