Президент Щучинск қаласындағы экосаябақты аралап көрді

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында экосаябақты аралап, жаңғыртудан өткен қоғамдық кеңістіктің мүмкіндіктерімен танысты. Саябақта серуендеу, спорт және бос уақытты өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Президент жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне дайындалып жатқан өнерпаздар оған бірнеше күй орындап берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Burabay Arena спорт сарайында үстел теннисі, бассейн және жаттығу залдарын аралап, спорттың алты түрі бойынша үйірмелердің жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының дамуы туралы баяндалды.

Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесіп, атлеттер отандық спортқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Ұқсас жазбалар

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.