Президент Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісін қабылдады

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңыздылығын айтып, ұйыммен нәтижелі ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Қазақстан бастамалары талқыланды. Олар әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдауды қамтиды.

Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына АҚШ президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.

Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысуын, соның ішінде Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылығы атап өтілді.

Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

Ерлан Қарин: балалар қауіпсіздігі үшін цифрлық шешімдер енгізілуде

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік салаға цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Президент Бельгиядағы қазақстандықтармен кездесіп, жаңа Конституцияны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барып, Бельгиядағы қазақстандықтармен кездесіп, жаңа Конституцияны құттықтады.

Қазақстан мен ЕО: тұрақтылық, өзара байланыс және жаңа мүмкіндіктер бағыты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің келесі кезеңін қалыптастырудың негізгі стратегиялық…