Categories Қаржы

Қазақстан мен Ислам даму банкі жаңа әріптестік стратегиясын әзірлеп жатыр

Сурет: ҚР Үкіметі

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президенті доктор Мұхаммед әл-Джассермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-премьер ИДБ басшысының Қазақстанмен әріптестікті дамытуға қосқан жеке үлесін атап өтті. Оның айтуынша, сапар екі жақ арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын растайды.

Соңғы үш жылда қаржылық өзара іс-қимыл сапалы жаңа деңгейге көтерілді. 2024 жылы инвестиция көлемі $1,1 млрд су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерін салу мен жөндеудің ауқымды бағдарламасын іске асыруға бағытталды. Биылғы ақпаннан бастап арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға $1,3 млрд тарту туралы Негіздемелік келісім іске асырылуда. Сонымен қатар «Қызылорда — Сексеуіл» және Қызылорда қаласының айналма жолы көлік жобаларын қаржыландыру мәселесі пысықталуда, — деді Серік Жұманғарин.

Қазір Ислам даму банкімен бірлесіп, 2027-2032 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы әзірленуде. Ол Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды.

ИДБ президенті Мұхаммед әл-Джассер өзара іс-қимыл әлеуеті қазіргі жобалардан әлдеқайда кең екенін атап өтті. Ол банк қатысушы елдердің алдында тұрған мәселелер бойынша шешім іздеуде икемді екенін, әрі ұлттық мүмкіндіктерді дамытуға ерекше назар аударатынын жеткізді.

Доктор әл-Джассер Ислам Даму банкі тек қаржы институты емес, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін интеграцияланған топ екенін айтты. Мамандандырылған құрылымдар ұзақ мерзімді жобалық қаржыландыруды, сақтандыруды және сауданы қаржыландыру құралдарын біріктіре отырып, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Кездесуде Серік Жұманғарин ИДБ-ның Астанада қосымша кеңсесін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол Алматыдағы өңірлік хаб өз функцияларын табысты орындап жатқанын, бірақ ынтымақтастықты кеңейту орталық мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылды талап ететінін атап өтті.

Кездесу соңында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту бойынша Форвардтық лизинг туралы келісімнің қол қойылған даналарымен алмасу өтті.

Қазақстан 1995 жылдан бері Ислам Даму банкінің мүшесі. 1997 жылы ашылған Алматыдағы ИДБ өңірлік кеңсесі Банктің Шығыс Еуропа, ТМД, Моңғолия және Қытай елдеріндегі қызметін үйлестіреді. 1997 жылдан 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық кезеңінде Қазақстанда ИДБ тарапынан жобалар мен техникалық көмекті қаржыландыру көлемі $4,2 млрд-тан асты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі…